Qq5AGtB4RqUWd6hLR7qrtyOj14pvyjQsiE5pYl4n
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канело" Головкин сияқты шағымдана бермейтінін айтады

"Канело" Головкин сияқты шағымдана бермейтінін айтады
© boxingscene.com
Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қарымта алдында орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарағанда шағымдана бермейтінін айтады. 

15 қыркүйекке белгіленген қарымтада Дэйв Морретти төрешілердің бірі болады. "Канеломен" алғашқы жекпе-жекте ол қазақстандық жеңді (115-113) деп көрсеткен болатын.

Альварес төрешілерді таңдаған Невада штатының Атлетикалық комиссиясының бұл шешіміне арыздана алатынын, алайда, олай етпейтінін айтады. 

"Төрешілерді таңдау жағынан бас ауыртқан емеспін. Атлетикалық комиссия шешіміне сенемін және сыйлаймын. Әйтпесе біз де: "Бұл не болғаны? Алғашқы жекпе-жекте Головкинге жеңіс берген төрешіден басқасын алып тастағандарыңыз қалай?" дер едік. Бірақ қайталап айтайын, ол жағына алаңдамамймын. Комиссияға сенемін, алдағы жекпе-жекке қатысты да соны айтамын", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі төрешілер шешімімен тең аяқталған. Ол кезде 118-110 есебімен жеңісті мексикалыққа берген Аделаида Бердтің шешімі дау тудырған. Үшінші төреші Дон Трелла тең есеп берді - 114-114.

15 қыркүйекте қарсыластар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына қайта оралады. Алайда бұл жекпе-жекте Аделаида Берд төрелік етпейді. Дегенмен Головкиннің командасы "Канеломен" қарымтаға оның күйеуін төреші етуді сұраған болатын. Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар