"Канело" Головкин салмағындағы чемпионмен айқаспақ

©twitter.com/Canelo

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) келесі қарсыласын таңдады. Ол орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN KnockOut-қа сілтеме жасап. 

"Канелоның" командасы түрлі боксшыларды, оның ішінде Давид Бенавидес, Дмитрий Бивол және шведциялық Баду Джекті де қарсылас ретінде қарастырған. Алайда соңғы шешім бойынша Чарлоны таңдапты. 

Енді бұл жекпе-жек қыркүйекте болады деп күтілуде. Егер тараптар алдағы бірнеше күнде келісе алса, менеджерлер айқасты Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткізуге тырыспақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport