WBA және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) спорттық карьерасында кездескен қарсыластарының арасында Сауль "Канело" Альваресті қауіптілер қатарына жатқызбады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Менің карьерамда түрлі қарсыластар болды. Барлығы шетінен ыңғайсыз оппонентер еді. Олардың көбі міндетті қарсылас немесе чемпиондар еді. "Канелоны" мықты қарсылас деп айта алмаймын. Бірақ сөзсіз жоғары деңгейдің боксшысы. Ол да ет пен сүйектен жаралған. Жуырда ғана жеңіліс тапты. Ал менің өмірімдегі ең мықты қарсыластар әуесқой деңгейде жолықты. Бірақ олардың көбі кәсіпқой деңгейге ауыспады. Сол жігіттердің бокс туралы түсініктері мол еді", - дейді Головкин.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес қолғап түйістіреді.