"Канело" - Головкин кардында жұдырықтасатын чемпионға қарсылас табылды

©Matchroom

Екінші өте жеңіл салмақта WBC чемпионы америкалық Джесси Родригес (16-0, 11 КО) 17 қыркүйек Лас-Вегастағы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясының кардында жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Родригестің жекпе-жегі шоудың басты оқиғасының бірі болады. Ал қарсылас мексикалық Исраэль Гонсалес (28-4-1, 11 КО). Бұл айқас 12 раундқа есептелген.

Еске салайық, Родригес чемпиондық белбеуін биыл ақпанда жеңіп алды. Джесси мексикалық Карлос Куадрастан төрешілер шешімімен басым түсті. Ал маусым айында титулын бірінші рет қорғап, тайландтық Срисакет Сор Рунгвисаиді сегізінші раундта нокаутқа түсірді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport