"Канело" - Головкин жекпе-жегінің уақыты хабарланды

©Sports Illustrated

WorldBoxingNews порталы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) және Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жұдырықтаса алатын уақытты белгіледі.

"2013 жылы Флойд анық сабағаннан кейін "Канелоны" жеңген адам Головкин болар. 2017 жылы қазақстандық боксшы Альваресті жеңді, бірақ, төрешілер оның ақысын жеді. Бір жылдан кейін "Канело" жеңіске жетті. Дегенмен бұл да дау тудырды. 

Даңқ залына кіретін боксшы 31 жаста. Алайда ол қазірдің өзінде төрт салмақта чемпион болды. Головкин желтоқсанда Муратамен айқасады. Жеңсе GGG тағы бір белбеу иеленеді. Сонымен қоса, бұл жеңіс "Канело" мен Головкин үшін 2022 жылы 7 мамырда жекпе-жек ұйымдастыруға түрткі болады", - деп жазады мәлімет көзі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар