Бокс
26 тамыз 2022 11:40

"Канело" - Головкин айқасының төрешілері ресми бекітілді

©instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді, деп хабарлайды BoxingScene.com.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

Рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы келесідей: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында қазылық еткен. Біріншісінде ол 115-113 есебін қазақстандық жеңген деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды. 

Вайсфельд те Головкин мен "Канелоның" екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын - 115-113.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport