"Канело" - Головкин айқасында сарапқа салынатын бесінші белбеу қосылды

©boxingscene.com

Бокс туралы жазатын The Ring журналының редакторы Том Грэй қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясын құлақтандырудағы DAZN платформасының қателігін көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек туралы хабарландыруда боксшылар екінші орта салмақта WBC, WBA, WBO және IBF белбеулерін сарапқа салатыны айтылған, ал бұған Грэй The Ring титулы да қосылатынын мәлімдеді.

"Төрт тікеннің ортасындағы раушан гүл!", - деп жазыпты ол The Ring титулы ортада тұрғанын меңзеп.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии