"Канело" ең үздік боксшыны атады

©

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес спорттық карьерасын әлі аяқтамаған үздік боксшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Канелоның" нұсқасы бойынша 27 жастағы америкалық нокаутшы Джервонта "Танк" Дэвис (27-0-0, 25 KO) әлемдегі үздік боксшы.

"Менің ойымша "Танк" үздік боксшы. Ол өте ақылды және мықты. Сөзсіз Дэвис өз-өзіне сенімді", -дейді Альварес.

Джервонта Дэвис соңғы рет рингке мамыр айының соңында шығып, отандасы Роландо Ромероны  (14-1-0, 12 KO) жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар