"Канело" емес. Қазіргі таңдағы ең мықты боксшының есімі аталды

©allboxing

Бірінші орта салмақта абсолют чемпион Джермелл Чарло қазіргі таңдағы ең мықты боксшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джермелл орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарлоның егізі. Соңғысы "Канелоның" келесі қарсыласы атануы мүмкін. 

Мұның алдында жеңілмеген америкалық боксшы Эррол Спенс мексикалық Сауль "Канело" Альваресті бокстың бет-бейнесі деп атаған еді. 

"Кейінгі бірнеше жылда ең мықты боксшылар Америкадан болды. Ең ұлы боксшы Мухаммед Али. Ал қазір таңда ең мықты - Флойд Мейвезер. Біздің заман - ол басқа. 

Ал бокстың бет-бейнесі деп қазіргі уақытта Джервонта Дэвис сияқты. Ол жаңа әлемдегі ең мықты боксшы, әр жекпе-жегі жақсы сатылады және жақсы өнер көрсетеді. Бәрі жаман жағын ғана көреді, алайда шындығында ол залда бар күшін салып, зорыққанша дайындалады", - дейді Джермалл. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport