"Канело" экс промоутерін "рингте өлтірем" деген Головкинге жауап берді
Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) өзінің бұрынғы промоутері туралы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) айтқанына қатысты пікір білдірді. Оның сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр.

47 жастағы Оскар Де Ла Хойя карьерасын жалғастырып, қазақстандықпен рингке шыққысы келетінін есітгенде, GGG былай деген еді: "Бұл жігіттің аузы сасық екенін бәрі біледі. Головкинмен байланыстының бәрі ол үшін барып тұрған сұмдық. Оны рингте өлтіре салуға рұқсатым болса, бұл мүмкіндікті пайдалануым да мүмкін".
"Канело" Головкин сөзін таза ақымақтық деп атады. "Оттайды, өйткені рингке қарсыласты зиян келтіру үшін шығады, өлтіру үшін емес. Біреуді рингте өлтіруге тырысуға болмайды. Бұл адамгершілікке жатпайды. Бұл - топастық. Біреуді қасқана өлтірем деу адамгершілік емес".
Жарнама