Канело екі бірдей жеңілмеген мексикалық нокаутшымен айқасады

©Boxingscene.com

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес  (60-2-2, 39 КО) 2024 жылға арналған жоспарын құрып, қарсыластарын таңдады, деп хабарлайды Мassaget.kz

ESPN Mexico ақпараты бойынша, мексикалық боксшы мамыр айында шаршы алаңға оралады. Бұл айда ол отандасы Хайме Мунгиямен (42-0, 33 KO) жұдырықтасады. 

Альварес одан кейінгі кездесуін қыркүйек айында өткізгісі келеді. Ол кезде америкалық Давид Бенавидеспен (27-0, 23 KO) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр екен. 

Дегенмен Канеломен жұдырықтасу үшін аталған боксшылар алдағы жекпе-жектерінде жеңіске жету тиіс. Хайме Мунгия қаңтар айында британдық Джон Райдермен  (32-6, 18 КО), ал тегі мексикалық Давид Бенадиес отандасы Деметриус Андрадемен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы да мексикалық бокс жұлдызымен жұдырықтасқысы келеді. Ол бұл туралы бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Алайда Альварестің Жәнібекпен жұдырықтасу жоспары жоқ екені анық болып отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар