Канело дәрежесін растау үшін кіммен айқасуы міндет екені айтылды

©vRINGe.com

Америкалық атақты маман Тедди Атлас pound-for-pound рейтингінің бұрынғы көшбасшысы және екінші орта салмақта әлемнің аболсют чемпионы Сауль Канело Альварес кіммен жұдырықтасуы міндет екенін айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Егер Канело тарихтағы ең мықты мексикалықтардың бірі болғысы келсе және екінші орта салмақтағы ең мықты боксшы атағына лайықты болу үшін Бенавидеспен жұдырықтасу керек. Өзінің дәрежесін растау үшін Бенавидеспен айқасуы міндет", - дейді Атлас өзінің YouTube арнасында. 

Тегі мексикалық Давид Бенавидес кәсіпқой карьерасын 10 жыл бұрын 16 жасында бастады. 2017 жылы WBC белбеуін жеңіп алды да, кейін есірткі қолданғаны үшін бір жылға шеттеліп, титулдан айырылды. 

2019 жылы Давид қайтадан чемпион атанды, бірақ бірінші қорғауында-ақ салмақ лимитін оорындай алмай, тағы айырылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport