Канело бүкіл титулынан айырылуы мүмкін. Жеңілмеген чемпион шарт қойды

©globallookpress.com

Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол (21-0, 11 КО) мен әйгілі Сауль Канело Альварес (58-2-2, 39 КО) арасындағы қарымта өтпей қалуы ықттимал, деп хабарлайды Vesti.kz

Былтыр мамыр айы Лас-Вегаста өткен бірінші жекпе-жекте Бивол ұпай санымен жеңген еді (115-113 үш рет). 

Канело жақында қарымта міндетті түрде болатынын және оны сол жартылай ауыр салмқата өткізетінін айтқан.  Алайда ресейліктің менеджері Вадим Корниловтың сөзінше, Бивол екінші орта дивизионда Альварестің барлық белбеуі үшін ғана айқасқысы келеді. 

Өйткені Бивол жартылай ауыр салмақта Саульді жеңген, екінші рет ондай жекпе-жек оған қызық емес екен. Содан кейін ресейлік жеңіске жетсе, Канело өз салмағымда болмадым деп ақтала алмайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар