Канело бокстан нақты қашан кетінін айтты
Мексикалық атақты боксшы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты.
Мексикалық атақты боксшы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты.
"Зейнетке қашан дейсің бе? Білмеймін... Бірақ ол күн жақын қалғаны анық. Өзімді тамаша сезінетініме қарамастан. Тіпті өзімді ешқашан қазіргідей жақсы сезінбеппін. Мүмкін 38 жасымда боксты қоятын шығармын. Иә, 38 жас - ең тамаша уақыт сияқты, шынымен ойланатын уақыт. Ауыр айқастарым аз болған жоқ. Ондай қауіпті айқастарға шықпаса да болатын еді. Бірақ мен бүкіл карьерамда басымды қауіпке тігіп келемін", - деп береді мексикалықтың сөзін vRINGe.com.
Сауль әлі де бокстан ләззат алатынын айтады:
"Сынақтарды жақсы көремін. Айнласып жүргенімді жақсы көремін. Әр кезде бұл ісімде қаншалықты жақсы екенімді паш етуге тырысамын. Мен рекордыма қарап өзіме "Осының бәрін мен жасадым" дейтін кезім боғлан жоқ. Бірақ мұны маған бапкерім айтады. Ол маған бокста неге жеткенімді көрсетіп отырады. Ал бұл шынымен таңданарлық жетістік".
Жарнама