Атақты мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 KO) карьерасын аяқтағаннан кейін не істейтінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
The Ring журналына берген сұхбатында ол бүкіл өмірін бокспен байланыстырғанына қарамастан, карьерасын аяқтауға қатысты аса уайымдамайтынын ашық айтты.
"Мен боксты сағынарым сөзсіз, бірақ, кетуге қатысты еш алаңдамаймын. Мен шын мәнінде боксты жақсы көремін, оның орны толмай тұратын шығар. Бірақ өмірімнің басқа салаларына, әсіресе бизнеске ден қоямын. Мен әрдайым 35 пен 38 жас аралығында карьерамды аяқтаймын деп айтып жүрдім және бұл бос сөз емес, өзіме адалмын. Бокста қолымнан келгеннің бәріне қол жеткіздім, енді ақша үшін қалудың қажеті жоқ, өйткені ақша ешқашан жеткілікті болмайды".
Канело қазіргі жағдайына көңілі толатынын және карьерасын аяқтау - өмірдің соңы емес, жаңа мүмкіндіктердің бастауы екенін айтты.
"Менің алдымда бүкіл өмір тұр — бизнеске бет бұрып, өмірден ләззат алуға толық мүмкіндік бар", – деп түйіндеді ол.
Жарнама