Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) өзге салмақтағы "абсолют" америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жекпе-жек алдында жетістігінің басты себебін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Флойд Мейвезерден жеңілу маған шын мәнінде көмектесті. 23 жасыңда әлемдегі ең мықты боксшымен айқасу - жақсы ой емес. Сол кезде мен уақытымның әлі келмегенін түсіндім. Бірақ мен өзіме ерте ме, кеш пе осыған жетемін - әлемдегі ең мықты боламын деп сөз бердім. Міне сол маған мотивация болды", - деп береді Канелоның сөзін vRINGe.com.