"Канело" биыл үшінші кездесуін Мексика немесе Ұлыбританияда өткізетін болды

©DAZN

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес 2022 жылы бас-аяғы үш кездесу өткізуге ниетті. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн talkSPORT порталына берген сұқбатында айтты. 

31 жастағы Альварес бірінші кездесуін 7 мамын күні Лас-Вегаста жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға қарсы өткізеді. Содан соң "Канело" қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесу өткізеді деген ақпарат бар. 

Хирннің айтуынша, Сауль Альварес пен оның бапкері Эдди Рейносо қазірдің  өзінде үшінші жекпе-жек жайлы ойлап жүр. Үшінші айқасты ол "Канелоның" туған қаласы Гвадалахара немесе Лондонда өткізуі мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар