"Канело" Биволмен реванш туралы сұраққа жауап берді
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілгеннен кейін реванш туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілгеннен кейін реванш туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Иә, әрине, мен реванштың болғанын қалаймын", - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі сұқбатта.
Ал Бивол болса "Канеломен" екінші мәрте кездесуге қарсы емес екенін айтты.
"Реванш? Ешқандай проблемма емес. Екінші кездесуді келісейік. Бірінші кездесудің алдында мен ешқандай талап қойған жоқ едім. Енді екінші кездесу үшін менің талаптарым бар. Әрине, реванш болады. Мен екінші кездесуге дайынмын", - деді Бивол.
Еске салайық, бүгін, 8 мамыр күні Дмитрий Бивол Сауль Альваресті күтпеген жерден жеңіп, жартылай ауыр салмақта өзіне тиесілі WBA белбеуін қорғап қалды. 12 раундтың қортындысы бойынша төрешілер 115-113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді.
Жарнама