"Канело" Биволмен реванш қай салмақта өтетінін айтты

©ESPN

Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен екінші кездесу қай салмақта өтетінін айтты. 

Еске салайық, бұл боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек мамыр айында өтіп, төрешілердің шешімі бойынша Биволдың жеңісімен аяқталды. 

"Егер мен Биволмен тағы кездесетін болсам, жартылай ауыр салмаққа ауысамын. Өйткені мен оны осы салмақта жеңгім келеді. Маған ешқандай сылтау керек емес. Мен оны тек осы жартылай ауыр салмақта жеңемін",- деді Альварес Головкинмен жекпе-жек алдындағы баспасөз жиыны кезінде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport