"Канело" Биволмен жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасады

©Sports.ru

Екінші орта салмқата әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес жеңілмеген ресейлік боксшы Дмитрий Биволға қарсы қарымта жекпе-жек туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sport 24.

Былтыр мамыр айында Бивол төрешілер шешімімен Альваресті жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBA белбеуін қорғап қалған болатын. 

"Қарымтада Биволды сабайтынымды анық білемін", - деді "Канело" Boxing Scene басылымына сұхбатында. 

Сауль Альварес кәсіпқой бокста 62 жекпе-жек өткізіп, оның елу сегізінде жеңіске жеткен. Бивол 21 айқасының барлығында жеңімпаз атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар