"Канело" Биволдан не үшін жеңіліп қалғанын түсіндірді

©ESPN

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы 31 жастағы мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі үшін өткен кездесуде Дмитрий Биволдан не үшін жеңіліп қалғанын түсіндірді, - деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Дмитрий керемет кездесу өткізді. Ол ара-қашықтықты жақсы сезінді. Мені тіпті қасына жақындатпады. Жеңіске жету үшін қолынан келгенінің барлығын істеді де, жеңді", - деді Сауль Алварес кездесуден кейін. 

Еске салайық, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Сауль "Канело" Альварес карьерасында екінші мәрте жеңілді. Оның еншісінде 57 жеңіс бар. "Канело" ең бірінші рет 2013 жылы Флойд Мейвезерден ұтылған еді. Ал бүгін болған айқаста ол 113-115 есебімен есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport