Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) болашақта Тайсон Фюримен (31-1, 22 КО) жұдырықтасарына күмән келтірді, деп жазады Vesti.kz.
"Осыдан бір жыл бұрын бірінші ауыр салмаққа ауыспайтынымды айтқанмын. Оның үстіне Фьюримен рингтке кездесуіміз екіталай. Алайда менің бапкерім Эдди Рейносомен жұмыс істеп жүріп, кез-келген шытырман оқиғағаға түсуің мүмкін. Шынтуайтына келгенде менің ағзама супер ауыр салмаққа өту оңай емес, - дейді Канело.
Еске салайық, Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жек болуы мүмкін деген ақпарат бар.