Рейносоның сөзінше, Альварес қазір бірнеше жыл қинап келген тізе жарақатынан сауықты. 2019 жылы шілдеде ол көпшілік алдына балдақпен шыққан.
"Ол карьерасының шыңында. Саульде жарақат жоқ, тізесімен қиындық артта қалды. Қазір ол жақсы қарқынмен келеді және 30 жас үшін жақсы тәжірибе жинады. Оның алда әлі бес-жеті жылдай уақыты бар деген ойдамын, осы деңгейін сақтап тұратындай. Біз ұстанатын тәртіппен ешқандай қиындық болмайды", - дейді бапкер.