Бокс
17 қазан 2019 16:00

"Канело" Альварес UFC файтерімен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

© AKboxing
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес UFC файтерлерінің бірімен жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Boxingscene.com.


"UFC файтерімен жұдырықтасу маған сынақ емес, егер бизнес жағынан жақсы ұсыныс болса. Маған бұл қауіп тудырмайды. Стильдеріміз мүлде басқа, олар басқаша жұдырықтасады. Көше бұзақысымен төбелескенмен бірдей", - дейді Альварес. 

Айта кетейік, UFC-де "Канелоға" қарсылас қазір де табылып тұр. Жақында боксшыны ұйымның бұрынғы чемпионы Тайрон Вудли жекпе-жекке шақырған. Вудлидің ойынша, ол "Канелоны" бокс ережесімен нокаутқа түсіре алады.