Боксшылар екі рет Лас-Вегаста жұдырықтасқан еді. 2017 жылы қыркүйекте бірінші жекпе-жек тең аяқталып, арты дауға ұласты. Ал бір жылдан кейін мексикалық төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
"Мұны жекпе-жек алдында айтқанмын, қайтадан қайталаймын: қазір мен үшін Головкинмен кездесу өткізу ешқандай сынақ емес. Біз екі рет жұдырықтастық, 24 раунд өткіздік. Мен оны жеңдім, сондықтан ол мен үшін сынақ емес. Алайда Головкин жақсы бизнес. Сондықтан олар маған тартымды ұсыныс жасаса, үшінші жекпе-жекті өтіземіз", - дейді Альварес.