Бокс
16 қазан 2019 11:52

"Канело" Альварес Головкинмен қарсыластығы туралы соңғы сөзін айтты

© HBO Boxing
Орта салмақта WBC (franchise) және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек еш қызықтырмайтынын тағы бір қайталады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.


"Спортшы ұлылыққа жеткен сәтте, сізбен келіспейтін, қолдамайтын адам міндетті түрде табылады. Бірақ бұл қалыпты, кез келген табысты тұлға мұндайды көреді. Өзім туралы айтылған кері сөздерге мән бермеймін. Бұл мені ынталандыра түседі, адамдар боксты білмей жатып сын айтқысы келеді. 

Менің тарапыма Головкиннің бапкері (Абель Санчес) айтқан сөздерден кейін жеңіске қуандым, бұл оның және басқалардың аузын жапқызды, айналып келгенде - ол осыған тұрарлық еді. Головкин мен туралы ары қарай да айтады, бірақ, біздің қарсыластығымыз аяқталды. Мен үшін ол ешқандай сынақ болмай қалды", - дейді мексикалық боксшы.