"Канело" Альварес Головкинді жеңу өте маңызды болмағанын мәлімдеді
Суперорта салмақта WBC және WBA чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) биыл жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты,- деп хабарлайды BoxingScene.

Жанкүйерлер трилогияны күзде көре ала ма деген сұраққа мексикалық: "Бәрі де мүмкін" деп қысқа қайырды.
Сонымен қатар, ол GGG-ді жеңу оның карьерасындағы ең маңызды жетістік емес екендігін де мәлімдеді.
"Ең басты жекпе-жек Мигель Коттомен болғаны сөзсіз. Мигель Коттоны жеңгенім өте маңызды болды", - дейді Альварес.
Жарнама