Бокс
25 қыркүйек 2018 10:27
 
"Канело" Альварес Головкинді жеңгеннен кейін келесі жекпе-жекке рұқсат алды

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Альварес Головкинді жеңгеннен кейін келесі жекпе-жекке рұқсат алды © Fightnews.info

Орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) дәрігерлер келесі жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Соңғы рет "Канело" 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. 

Қарымтадан кейін екі боксшы да медициналық көмекке жүгінген: Альварестің қабағына алты, ал Головкинге сегіз тігіс салған. 

15 желтоқсанда "Канело" рингке шығады, бұл үшін бірден екі аренаға тапсырыс беріліп қойған. Бұл күні оған қарсылас канадалық Давид Лемье болуы ықтимал. Головкин - Альварес қарымтасында канадалық WBA желісі бойынша ирландиялық Гэри "Спайк" О'Салливанмен (28-3, 20 КО) іріктеу жекпе-жегін өткізіп, оны бірінші раундта нокаутқа түсірген. 

Айта кетейік, Лемье 2015 жылы Головкинмен жұдырықтасып, IBF белбеуінен айырылған болатын. Ал жазда бұл белбеуді ұйым қазақстандықтан алып қойды. 

Жарнама

Живи спортом!