"Канело" Альварес Головкинді екі рет тақырға отырғызды
© reviewjournal.com
Worldboxingnews.net порталы мексикалық Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинге салмақ дәрежесіне қарамастан (Pound for Pound) үздік боксшылар рейтингінде көшбасшы болуға кедергі келтіргені жайлы жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"2017 жылы 22 қыркүйекте Андре Уорд карьерасын аяқтау туралы күтпеген шешім қабылдады, ал Головкин "Канелоға" қарсы керемет кездесу өткізсе, оның орнын басатын еді. Алайда екі төреші Головкиннен жеңісті тартып алды. Олар қазақстандық боксшыға карьерасындағы ең маңызды жеңісті бермей, тең есепті тіркеді.
Бес айдан соң реванш туралы хабарланған кезде "Канело" Головкинді тағы да тақырға отырғызды - мексикалық боксшының допинг-сынамасынан тыйым салынған зат табылды.
Мартиросянды жеңуі Головкинге Pound for Pound үздік боксшысы атануға жеткіліксіз болатыны анық еді. Жеті күннен соң, 2018 жылы 12 мамырда Василий Ломаченко жағдайды пайдаланып, рейтингтің көшін бастады", - деп жазды басылым.
Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте алғашқы жекпе-жектері тең аяқталған болатын, ал бір жылдан соң мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Осылайша, қазақстандық боксшы өз карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді.
Негізі боксшылардың екінші кездесуі 2018 жылы мамырда өтуі керек болған, бірақ мексикалық боксшының ақпандағы допинг-сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған. Салдарынан Альварес Головкинмен реванштан бас тартып, алты айға жазаланған болатын.

Жарнама