"Канело" Альварес әлем чемпионымен титул біріктіретін жекпе-жекке шығады

Срет: Fightnews.info

Екінші орта салмақта WBC және WBA чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) пен осы дивизиондағы WBO белбеуіне ие британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 KO) жекпе-жек өткізетін болды. Бұл туралы танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның сөзінше, тараптар келісімге келіп үлгерген. Бұл айқаста үш титул да сарапқа салынады. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу 1 немесе 8 мамырға жоспарланған.

Бірақ, алдымен "Канело" 27 ақпанда WBC желісі бойынша міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 KO) қарсы кездесуде титулдарын қорғау керек.

Бұған дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутерінің бірі Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнмен екі жекпе-жекке келісімшарт жасаған болатын.