Бокс
29 мамыр 15:01
 

Канело Альварес абсолют чемпион атағына қатысты бір шешімге келді

Канело Альварес абсолют чемпион атағына қатысты бір шешімге келді ©Тұрар Қазанғапов

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қаулысына қатысты бір шешімге келді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қаулысына қатысты бір шешімге келді, деп жазады Vesti.kz.

Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Канелоны кубалық Уильям Скуллға (22-0, 9 КО) қарсы титулын қорғауға міндеттеген. Боксшыларға келісімге келуге 28 күн берілген, алайда, тараптар келісімге келмеді. Енді IBF 6 маусымға промоутерлік сауда белгіледі. 

BoxingScene мәліметінше, Альварес IBF шартына келіспей отыр, мексикалық аты шықпаған боксшымен айқасқысы келмейді. Осыған байланысты Сауль промоутерлік саудаға қатыспайды, салдарынан титулынан айырылады. 

Мұндай жағдайда бос қалатын IBF белбеуіне Скулл мен ресейлік Владимир Шишкин (16-0, 10 КО) таласады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!