Мексикалық бокс аңызы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) арасындағы жекпе-жекке болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айқын басымдық Канелода боладыОның пікірінше, Канело бұл кездесуде жеңіске жетіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атағын сақтап қалады.
"Керемет жекпе-жек болады деп ойлаймын. Бірақ салмақ айырмашылығы тым қатты білінеді. Меніңше, Канело үшін бұл айқын артықшылық болады. Себебі бұл айырмашылық екі дивизионды құрайды...
Бірақ мен сіздерге айтайын… Кроуфорд - өте мықты боксшы. Ол рингте өте жақсы қозғалады. Жылдамдығын тиімді пайдаланады. Ақылды боксшы. Бірақ Канело үшін салмақ шешуші рөл атқарады. Менің ойымша, Канело ұпай санымен жеңіске жетеді", – деді ол ESNews арнасына берген сұхбатында.
Бұл айқас биыл әлемдік бокстағы ең маңызды оқиғаларының бірі болмақ. Жекпе-жек 13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады