Екінші орта салмақта абсолют чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр дивизионда WBA Super белбеуіне ие ресейлік Дмитрий Биволмен қарымта жекпе-жек қай салмақта өтетінін айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.
Альварестің сөзінше, екінші айқас мексикалық жеңіліс тапқан дивизионда өтеді.
"Сол салмақ болады, болды. Бұл мәселеге нүкте қойылды", - деді Альварес.
Сонымен бірге, Сауль бұл жолы жеңіске жететіне күмәнданбайды.
"Әрине мен оны жеңе аламын. Бұл сенімділіктен ғана емес, мұны білемін. Биволды жеңу менің қазіргі басты мақсатым", - дейді мексикалық.