Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске дәрмені жететініне сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Біріншіден, егер мен "Канелоны" сабасам, бұл менің жақсы боксшы екенімді білдіреді. Оны жеңе алатыныма сенімдімін, өйткені бәріміз адамбыз. Менің жақсы дағдыларым бар, әуесқой мен кәсіпқойда жеңістерім көп.
Өз әлеуетімді білемін. Отбасым әрдайым жанымда. Мен отбасым үшін жақсы ер, ақылды ұл және өнегелі әке болуыға тырысамын. Достарыма адалмын. Олар менің жеңісіме қуанады, мені мақтан тұтады", - дейді Бивол Los Angeles Times En Español YouTube арнасына берген сұхбатында.