Канело абсолют чемпион атағынан айырылуға шақ қалды
Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) титулдарының бірінен және соның салдарынан әлемнің абсолют чемпионы атағынан айырылуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.
Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) титулдарының бірінен және соның салдарынан әлемнің абсолют чемпионы атағынан айырылуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.
Мамырда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Канелоны кубалық Уильям Скуллға (22-0, 9 КО) қарсы титулын қорғауға міндеттеген. Боксшыларға келісімге келуге 28 күн берілген, алайда, тараптар келісімге келмеді.
Енді IBF 6 маусымға промоутерлік сауда белгіледі.
Алайда WBA Канело келесі міндетті қорғауын өздерінің үміткері Эдгар Берлангаға қарсы өткізу керек деген ресми хатты IBF ұйымына жолдайтыны айтылуда. Егер IBF бұған келіспесе, Альвареске титулдан бас тартуға тура келеді.
Жарнама