Бокс
25 шілде 09:46

Канело абсолют чемпион атағынан айырылады

© Joe Camporeale / USA TODAY Sports / Reuters

Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) екінші орта салмақта абсолют чемпион атағынан айырылуы мүмкін. 
 
ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Канело IBF желісі бойынша кубалық Уильям Скаллға қарсы міндетті қорғау уақытын өткізіп алды. Осыған байланысты енді мекискалық боксшы WBA желісі бойынша міндетті қарсылас Эдгар Берлангамен (22-0, 17 КО) жекпе-жекке дейін IBF тиутылынан айырылып қалуы ықтимал. Айта кетейік, IBF ұйымының ережелері өте қатал. 

Альварес титулынан айырылған жағдайда бос қалған IBF белбеуін Уильям Скалл мен ресейлік Владимир Шишкин сарапқа салады. 

Еске салайық, Канело - Берланга жекпе-жегі 14 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile шаршы алаңында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport