"Канело" 2022 жылы супер ауыр салмақта кімнің чемпион болатынын айтты

©Getty Images

Екінші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестің ойынша кубалық Фрэнк Санчес супер ауыр салмақта әлем чемпионы атанады.

"Ол алдынан шыққан барлық қарсыласын құлатып, супер ауыр салмақтың чемпионы атанады. Себебі оның бойында талант бар. 2022 жыл Санчес үшін табысты маусым болады деп ойлаймын", - деді "Канело" BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Фрэнк Санчес кәсіпқой рингте 21 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған. WBC Continental Americas және WBO NABO тұжырымдары бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы.

Еске салайық, Альварес соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың 7 қарашасында Калеб Плантты 11 раундта құлатып, орта салмақтың белбеуін иеленген еді. Сол айқастан кейін мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуге қарсы емес екендігін айтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар