ESPN журналисті Сальвадор Родригес екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің (61-2-2, КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мән-жайды хабарлады.
"Тегі пуэоториколық Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) Канелоның келесі қарсыласы болуы мүмкін. Сонымен қоса, Джермалл Чарло (33-0, 22 КО) да бар. Әзірге айқасты өткізуге 14 қыркүйек қарастырылып отыр, бірақ жекпе-жек 1-3 аптаға шегерілуі мүмкін", - деп жазыпты Родригес.
АҚШ атынан өнер көрсететін "The Chosen One" ("Таңдаулы") лақап атты Беранганың ісін Эдди Хирн жүргізеді. Өз боксшысы Канелоның қарсыласы болатынын британиялық промоутер де айтқан болатын.