Бокс
21 сәуір 2022 09:28

"Қанды спорт". Головкин - "Канело" айқасы өкінішпен бітетіні айтылды

©SI.com

Әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші айқасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Головкин Альваресті жеңе алмаса не болатынын айтты

"Егер жекпе-жек нейтрал аймақта өтсе, GGG-де жеңуге мүмкіндік болады. Алдыңғы екі кездесу өткен Лас-Вегаста қазақстандық ештеңе істей алмайды. 

Иә, "Канело" Головкинді жеңіп кетуі мүмкін. Альварес бұл жекпе-жекке өзіне сенімді, бар қаһарын жиып, ашулы шығады. Оның көздегені нокаут. Ал Головкин Деревянченко мен Муратамен айқаста әлсіздеу көрінді. 

Жанкүйер ретінде трилогияны тамашалағым келеді. Бұл тарихи оқиға ғана емес, текетіреске нүкте қойылады. Өйткені біреу нокатуқа түседі. 

Бұл қанды спорт, нәтижесі әлбетте ауыр тиеді, бірақ, кейде осындайға куә болуға мәжбүрміз", - деп береді Мораның сөзін Boxing247.com.

Қайрат Сәтжанов "Канело" - Головкин айқасында кім жеңетінін бүкпесіз айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport