Қазақстанның сегіз боксшысы Мәскеуде өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рингке бірінші болып шыққан Дамир Әбдіқадырдың (52 келіге дейін) беларуссиялық Александр Бутрыммен жекпе-жегін төрешілер тоқтатты. Екінші раундта Бутрымның мұрнынан қан тоқтамады, ал үшінші раундта ол жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
"Мәнісі жоқ", - деді Бутрымның командасы тікелей трансляция кезінде.
Қазақстандықтың келесі қарсыласы - шри-ланкалық Виданалаж Ишан Ранже Бандара.
Ал жарыс күнінің соңында суперауыр салмақтағы Дамир Тойбай (91 келіден аса) армениялық Давид Чалоянға ұпай санымен есе жіберді. Үшінші раундта қазақ боксшыға нокдаун есептелді. Осылайша, Қазақстанның ерлер құрамасынан бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды.