Ганалық боксшы Патрик Аллотей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламның карьерасы неге тоқырап бара жатқанын айтты. Сонымен қоса, ол қарымта туралы да пікір білдірді.
Аллотей мен Қанат 2016 жылы Алматыда жұдырықтасып, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берген.
"Қайырлы күн. Мен бабымдамын. Қазір отанымда жаттығып жатырмын. Келесі айқас бойынша ұсыныс күтіп жатырмын, уақытымды отбасыммен өткізудемін.
Қазақстанға сапарымды еске алу көңілімді түсіреді. Қанат Ислам мені жеңген жоқ. Мен оның карьерасында ең мықты қарсылас болдым. Менімен айқастан кейін оның боксшы ретінде өсуі тоқтады. Мәселе ол мені жеңбегенін біледі.
Қарымта қалайтынымды айтқанмын. Ол менімен теңдей шарттармен жұдырықтасқысы келмес, бірақ, мен кездесуге дайынмын", - дейді Аллотей.