Бокс
12 қазан 2021 18:58
 

"Қанат менімен теңдей шартта жұдырықтасқысы келмейді". Исламның қарсыласы қарымта талап етті

  Пікірлер

blog.share

"Қанат менімен теңдей шартта жұдырықтасқысы келмейді". Исламның қарсыласы қарымта талап етті ©zhusan.kz/Жеңіс Ысқабай

Ганалық боксшы Патрик Аллотей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламның карьерасы неге тоқырап бара жатқанын айтты. Сонымен қоса, ол қарымта туралы да пікір білдірді.

blog.share

Ганалық боксшы Патрик Аллотей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламның карьерасы неге тоқырап бара жатқанын айтты. Сонымен қоса, ол қарымта туралы да пікір білдірді.

Аллотей мен Қанат 2016 жылы Алматыда жұдырықтасып, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берген.

"Қайырлы күн. Мен бабымдамын. Қазір отанымда жаттығып жатырмын. Келесі айқас бойынша ұсыныс күтіп жатырмын, уақытымды отбасыммен өткізудемін.

Қазақстанға сапарымды еске алу көңілімді түсіреді. Қанат Ислам мені жеңген жоқ. Мен оның карьерасында ең мықты қарсылас болдым. Менімен айқастан кейін оның боксшы ретінде өсуі тоқтады. Мәселе ол мені жеңбегенін біледі.

Қарымта қалайтынымды айтқанмын. Ол менімен теңдей шарттармен жұдырықтасқысы келмес, бірақ, мен кездесуге дайынмын", - дейді Аллотей.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!