auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қанат Исламның ізімен. "Қазақ жауынгері" Қазақстанға ауысуы жайлы ойын айтты

24 жастағы боксшы бірде-бір рет жеңілмеген.

Қанат Исламның ізімен. "Қазақ жауынгері" Қазақстанға ауысуы жайлы ойын айтты
Vesti.kz. Жігер Әбенов©
0
24 жастағы Қытайда туған "Қазақ жауынгер" лақап атты Елшат Нығматуллаұлы кезекті жекпе-жек үшін Астанада болып қайтты. Қазақстандағы алғашқы жекпе-жегінен кейін Vesti.kz тілшісі спортшымен сұхбаттасты. 

Боксшының айтуынша, ол Астанаға WBC Asia белбеуі үшін жұдырықтасуға келген, алайда, оның қарсыласы әзірбайжан Фарид Алиев (5-0, 5 КО) жекпе-жектен бас тартты. 

- Бастапқыда жұдырықтасу керек болған қарсыласым жекпе-жектен бас тартты. Кетіп қалды. Мықты мекмлекеттен келіп еді, күшін көрсетуге. Менің рекордсімді көріп, ойы өзгерген сияқты. Ол мықты бір мектеп өкілі, бірақ, жеңетініме сенімді едім. Осыдан кейін "Астана Арландары" сапындағы боксшы (Мардан Берікбаев) қарсыласым болды. Өте білікті боксшы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 

- Марданмен жекпе-жекке аранйы дайындалдыңыз ба, қарсылас ауысқанын қалай білдіңіз?
- Бұл жаңалықтан кейін жүк жеңілдеген жоқ. Біреулер ойлар міне, екі қазақ бір-бірімен жұдырықтасып жатыр деп. Бірақ біріншіден, бұл кәсіпқой бокс. Рингте қарсыласқа деген сыйластық қана бар. 

- Жекпе-жек тең аяқталды. Бұл туралы не ойлайсыз?
- Бұл шешімді қабылдаймын. 



- Қытайда туып-өстіңіз. Мұның алдындағы 15 жекпе-жегіңіз де Қытайда өтті, ал соңғысы - Қазақстанда. Қанат Исламның ізімен Қазақстанға келіп, азаматтық аласыз ба?
- Мұнда келіп, бәрін көрдім. Мені қалай күтіп алғанын. Елдің дамығанын көрдім, инфрақұрылымның. Кәсіпқой бокс деңгейі қандай деңгейде екенін. Неге болмасқа? Залдан "Елшат-Елшат!" деген қолдаулар естідім. Бұл үшін үлкен алғыс. Мұндай қолдауға қуаныштымын. Қазір ештеңені кесіп айта алмаймын. Дегенмен аз да болса, өз үлесімді қосуға дайынмын.

Айта кетейік, Елшат Нығматуллаұлы кәсіпқой боксқа төрт жыл бұрын келген. Қытайда өткен 15 жекпе-жегінің ешбірін жеңілмеген - 14 рет жеңіп, бір рет тең түскен. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар