Қанат Исламның келесі айқасы белгіленді

©instagram.com/islamkanatqazaq/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Қанат рингке қыркүйекте АҚШ жерінде шығады. Бұл қазақ боксшының 26 ақпан Плант-Ситите өткен бокс кешінде карьерасында алғаш жеңілгеннен кейінгі бірінші айқас болады. Ол кезде Қанат WBO Global титулы үшін кездесуде британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) есе жіберген.

Қазіргі таңда қазақстандық Окснардта (Калифорния) бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында жаттығып жатыр. 

Ислам қазіргі кезде барлық негізгі ұйымның: WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің топ-15 тізімінен шығып қалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport