Бокс
10 қаңтар 2022 14:47
 
Қанат Исламның чемпиондық жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның чемпиондық жекпе-жегі өтпеуі мүмкін ©

Қазақстандық жеңіліс таппаған былғары қолғап шебері Қанат Ислам (28-0, 22 КО) мен ұлыбританиялық Джим Келли (25-2, 10 КО) арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісіне ақпарат көзі.

Келіп жеткен ақпараттар бойынша, алдағы кездесуді қазақстандық тарап кейінге шегеруді немесе тіпті болдырмау жолдарын қарастыруда.

21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плант-Сити қаласында жерлесіміз 10 раундтық айқас өткізуі тиіс болған. Алайда қазірден бастап BoxRec сервисі жекпе-жекті тізімінен алып тастап отыр.

Айта кетейік, британиялық боксшы соңғы рет 12 желтоқсанда отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) жеңсе, Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі соңғы айқасын былтырғы жылдың ақпанында Джейсон Миндамен (14-4-1, 8 КО) қолғап түйістіріп, Майамидегі кеште эквадорлықты нокаутқа түсірген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!