Қанат Исламның Алматыдағы титулды жекпе-жегі андеркартында жұдырықтасатын қазақ боксшылардың есімі аталды

24 қыркүйек 2019 13:10
Басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасатын 26 қазан Алматыда өтетін бокс кешінің өзге қатысушылары белгілі болды.

Осылайша, андеркартта Арман Рысбек (6-0, 5 КО), Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО), Асқар Ерубек (1-0, 1 КО), Нұрсұлтан Аманжолов (1-0, 0 КО) мен Бексұлтан Раушановтың (5-1, 3 КО) жекпе-жектері жоспарланған. Қазақ боксшыларының қарсыластары кім болатыны әзірге белгісіз.

"Алдағы күндері баспасөз мәслихаты өтеді, осы шарада кештің мән-жайы айтылады", - делінген Qazaq Promotions хабарламасында.

Жаңалықтар