Қанат Исламға жекпе-жекке шығуға тыйым салынды
Флорида штатының атлетикалық комиссиясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламға (28-1, 22 КО) 11 сәуірге дейін жекпе-жекке шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Флорида штатының атлетикалық комиссиясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламға (28-1, 22 КО) 11 сәуірге дейін жекпе-жекке шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл шара медициналық сипатта және боксшының қалыпқа келуі үшін жасалады.
ESPN сарапшысы Қанат Исламның карьерасы аяқталғанын айтты
Қанат өткен демалыс АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде британиялық Джимми Келлимен (26-2, 10 КО) жұдырықтасты. Орта дивизионда WBO Global титулы үшін айқас толық он раунд өтіп, төрешілер жеңісті британиялыққа берді. Осылайша, Қанат Ислам карьерасында алғаш рет жеңілді.
Жарнама