Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақта WBO International титулынан айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Продолжение
BoxRec мәліметінше, қазір бұл белбеу бос қалды. 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, осы титулды иеленгеннен кейін Қанат оны қорғаған емес. Оны титулдан айыру шешімі осыған байланысты болса керек. Содан бері қазақ боксшы биыл ақпанда ғана эквадорлық Джейсона Миндамен (14-5-1, 8 КО) жұдырықтасты.
Енді WBO International белбеуі 15 қаңтар Актауда Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) пен ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жекте сарапқа салынады.