Бокс
13 сәуір 2023 09:40
 
Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады ©instagram.com/islamkanatqazaq/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Қазіргі таңда Қанат Қазақстанда жүр және бірінші жаттығу лагерін бастамақ. Ал біраз уақыттан кейін АҚШ-қа аттану керек, сол жақта бапкері Роджер Ромроның қол астында дайындығын жалғастырады. 

Әзірге келесі жекпе-жектің өтетін орны мен өзге мән-жайы белгісіз. Мұның алдында Қанат жаттығу лагерін қаңтар айының соңында бастамақ болған еді. 

Кейінгі рет Қанат Ислам рингке 2022 жылдың 7 қазанында Плант-Ситидегі бокс кешінде шығып, төрешілер шешімімен аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелді (34-18, 23 КО) жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!