"Бәріне рахмет. Бұл тамаша шоу болады деген сенімдемін. Бұл туралы ештеңе ойлаудың қажеті жоқ. Бәрі рингте шешіледі. Дайындығым туралы айтсам, бәрі ойдағыдай өтті. Бұл ойын емес, бәріне дайын болу қажет. Қарсыласым өте мықты және айқасқа дайын. 12 раундты жекпе-жекке дайндалып жатырмын.
Бұл Қазақстандағы соңғы жекпе-жек емес. Биік белестерге дайынбыз. Жеңіске ғана қарай жүремін. Үлкен жекпе-жектер мен айқастарға дайынмын.
Орта салмақта "Канеломен" 12 раунд тұрып беретін он шақты боксшыны білемін. Головкин мен Деревянченко жекпе-жегі мықты жігіттер барын көрсетті. Ешкім Деревянченко GGG-ге қарсы тұра алады дегенге сенбеді, бірақ, ол шыдап берді. "Канелоға" да қарсы шығып, жеңуге болады деген ойдамын", - дейді Ислам.
"Жеңіс тілейміз, дегенмен...". Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы Исламның алдағы жекпе-жегі туралы